Ер адам таулы аймақтан өздігінен түсе алмаған және көмекке мұқтаж болған,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
34 жастағы ер адам Алматы тауларында теңіз деңгейінен 3337 метр биіктікте қалып қойған.
Тау биігінде орналасқан Титов көлінің маңында ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1991 ж.т. ер адамға көмек көрсетті. ТЖМ РЖҚЖ күштерімен зардап шеккен азамат сәтті эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ, — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.