Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға жасаған ресми сапары кезінде Садыр Жапаров бірге Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияны бірге аралап көрді, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық -сараптамалық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасаөз қызметі жазды.
Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдары Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Қазақстан Президентінің әкесі – соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаев дәл осы жерден майданға аттанған.Мемлекет басшысы білім ордасының ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесті.
Білім ошағына К.Тоқаев есімін беру туралы бастаманы Президент Садыр Жапаров биыл мамыр айында көтерген болатын.