ақпарат ағыны

Кісі өлтіру күдігімен іздеуде жүрген екі азамат Алматыда ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтірген, күдікті топтың екі мүшесін ұстады, -деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпаратттық-сараптамалық порталы. 

Аталған адамдарға  2025 жылдың маусымынан бері іздеу жарияланған.

 Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілуде,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК мамандары Қылмыстық кодекстің 432-бабына сәйкес, қылмыс пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.