Алматылық дәрігерлер шала туылған сәбидің өмірін сақтап қалды

Шала туылған қыз жүктіліктің 28-ші аптасында өте төмен салмақпен дүниеге келді. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері  салмағы небәрі 870 грамм болып дүниеге келген нәрестенің өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.   

Бұл жағдай неонатологиялық көмек пен жоғары деңгейлі медициналық техниканың маңыздылығын көрсетті.

Клиникаға түскен кезде сәбидің салмағы 1030 грамм болған. Нәресте тез арада реанимациялық көмек көрсетуді қажет ететін жоғары тәуекел тобына жатқандықтан, қарқынды терапия жағдайында дәрігерлер оған жан-жақты ем көрсетілген.  Нәрестеге зонд арқылы арнайы тамақтану, өмірлік маңызды белгілерді бақылау, сондай-ақ ықтимал инфекциялық асқынулардың алдын алу көмектері көрсетілді.

  55 күн бойы стационарда болған сәбидің жағдайы тұрақты жақсарғаны байқалды. Дәрігерлердің үнемі бақылауында болып, оның салмағы 2155 граммға дейін өсті, бұл тұрақты күтім режиміне көшудің маңызды көрсеткіші. Қалпына келтіру процесінде оның өсуі мен дамуы үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін заманауи терапия әдістері қолданылды. Мысалы, терморегуляция және қажетті ылғалдылықты сақтау үшін кувездерді қолдану, сондай-ақ дене салмағының өсуіне ықпал ететін бейімделген диеталық тамақтану,- дейді неонатолог дәрігер Салтанат Әлмұхамбетова.

Бұл қыздың тарихы медицина мамандары мен неонатология саласындағы заманауи технологиялар арасындағы өзара әрекеттесудің  мысалы ретінде бағаланып отыр. Дәрігерлердің табандылығы мен жоғары біліктілік деңгейінің арқасында нәресте жаңа өмір бастауға мүмкіндік алды.