Алматыдағы Chaplin кинотеатрында продюсер Ольга Сапожникованың «Өзіңе апаратын жол, бала тәрбиесі» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті, -деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
КТК телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген 35 минуттық фильм қазіргі заманда балаларымыздың қандай адам болғанын қалаймыз және қандай тәрбие беруіміз керек деген күрделі де өзекті сұрақты көтереді. Жылдам технологиялық жетістіктер, мәдени өзгерістер және жаһандық сын-қатерлер бүкіл әлемдегі ата-аналарды өз көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етеді.
Фильмнің авторы және продюсері, деректі кинорежиссер, Hidden Hero жобасының негізін қалаушы Ольга Сапожникова фильм идеясы бүкіл әлемдегі, оның ішінде Қазақстан мен Еуропа, БАӘ елдеріндегі ата-аналармен әңгімелесуден кейін туындағанын айтады.
Фильм идеясы шынайы сұраныстан туған. Көптеген ересектер маған ішкі қобалжумен келеді, оның себебін сұрасаң, көбінесе ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста. Әлем тез өзгеріп жатыр, ал ата-аналар не істеу керектігін түсінбейді: гаджеттер,одан қала берді идеологиялық түрлі қысым. Осындай жағдайда баланы қалай тәрбиелеу керек? Менің әжем бұл өмірдегі ең маңызды жұмыс екенін айтады. Нағыз қамқорлық – бұл жылулық пен шекарада. Егер біз, ересектер өзіміз балалар үшін гаджеттерден гөрі қызықтырақ бола алсақ нәтижеге шығаруға болады, — дейді Ольга Сапожникова.
Фильм көрерменді Қазақстаннан Францияға қатар сапар шектіреді. Қазақстандық бөлімде көрермен назарын сценарист әрі блогер Нариман Әбиевтің әр жазда балаларын Жамбыл облысындағы Гранитогорск ауылына неліктен әжелеріне қонаққа жіберетінін айтқан әңгімесі аударды. Оның айтуынша, тек осындай жерлерде ғана адам өз тамырын сезініп, қарапайымдылыққа, сыйластыққа, отбасымен шынайы байланысқа үйренеді.
Қазақстанның тағы бір жарқын кейіпкері – білім беру және рухани психологияның белгілі маманы Марина Таргакова. Оның зейін, шекара және ата-аналар мен балалар арасындағы терең байланыс туралы сөздері фильмнің эмоционалды шарықтау шегіне айналды.
Фильм нәзік тақырыптарды қозғайды: әлеуметтік желілердің әсері, үгіт-насихат, ата-ана болудан бас тарту, ересектер беделінің төмендеуі және цифрлық әлемдегі сәйкестік дағдарысы. Авторлар қорқытпайды, бірақ барынша шынайы көрсетуге тырысады. Фильмнің айтпағы, ата-ана тәрбиесі тек махаббат емес, сонымен қатар жауапкершілік, жетілу және өзіңмен жұмыс істеу.
Ал, Ниццадағы отбасылық оқиғаларға арналған фильмнің тағы бір бөлігінде мектеп меңгерушісі Тиффани ханым сыпайылықтың, құрмет пен тәуелсіздіктің маңыздылығы туралы әңгімелейді. Ал француз әйелдері childfree балалар қозғалысы туралы өз ойларымен бөліседі. Орыс әйелімен төрт бала тәрбиелеп отырған бельгиялық Мартин Богаартс көп балалы еуропалық отбасының қандай болатынын көрсетеді.
Фильм қамтылған сұрақтарға дәлме-дәл дайын жауаптар бермегенімен, сізді ойландырады: еркіндік пен рұқсат ету арасындағы шекара қайда? Неліктен бала тәрбиесі үшін ата-ананың телефонынан гөрі қызықты болуы маңызды? Ал еуропалық және қазақ мәдениетінің артықшылықтарын біріктіріп қарастыру мүмкін бе?,-деген секілді ойларға жетелейді.
Айта кету керек, Фильмнің жабық көрсетіліміне прогрессивті және маңызды бастамаларды қолдаушы OMODA бренді қолдау білдірген. Қазақстанда жаңа флагмандық модельдің сатылымы маусым айында басталды.
Фото: OMODA компаниясы баспасөз қызметінен.
Нәбира АЛМАНОВА JM