4 маусымда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында бір отбасының бес бірдей баласы ыс тиіп қаза болған еді. Бүгін Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова отбасының әлеуметтік жағдайы туралы айтты,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Отбасында қаржы жеткілікті болатын. 113 мың теңгедей алатын. Оның ішінде көпбалалыларға берілетін жәрдемақы мен бала күтіміне арналған жәрдемақы тағы бар. Балалардың әкесінің жалақысы 190 мың теңге. Сәйкесінше, отбасының әр мүшесіне 47 мың теңгеден айналатын. Сондықтан, қаржы жеткілікті еді,
— дейді министр.
Айта кетейік, 4 маусымда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында бір отбасының бес бірдей баласы ыс тиіп қаза болғаны туралы хабар тараған. Үйдің ішінде 30 шаршы метр жер өртенген. Балалар ыстан есінен танып қалған. Кейіннен олар ауруханада көз жұмған.