Ол өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы «Пікірлер» бөлімінен ата-аналардың балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініштерінің арасынан тапқан, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық- сараптамалық порталы.
Сотталушы осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шығып, өзін «делдал» ретінде таныстырып, сыйақы арқылы «Indigo24.kz» жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан.
Алдауын түсірген құрбандарынан келісілген қаражатты алған соң, бой тасалап кеткен.
Оның қатысуымен болған 30-дан астам алаяқтық фактісі анықталып, келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Сотта Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Айыпталушы әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды жартылай қайтарды. Қалған шығынды өндіріруге шешім шықты. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады,-делінген Астана прокуратурасы берген ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енді.
Осы орайда прокуратура, азаматтарға- жеке деректерді ашық дереккөздерде, әсіресе пікірлерде жариялау айтарлықтай қауіп тудыру мүмкіндігі жөнінде ескертеді. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеуге шақырады.
Барлық мемлекеттік қызметтер, соның ішінде балабақшаға кезекке тұру — тек ресми цифрлық платформалар арқылы жүзеге асырылады.