Әзірде ғана экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы қауесет тараған еді,- деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ulysmedia мен Elmedia дереккөзге сүйеніп, бұрынғы министрдің қамауға алынғанын хабарлап үлгерген.
Артынша әлемжеліде әйел, бала-шағасының ортасында түстеніп отырған Жақсылықовтың видеосы тарап, экс-шенді ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Жақсылықов өзі туралы жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдеріне өкпелеп отыр. Оның көмекшісі экс-министрдің «ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткенін» мәлімдеп үлгерді.
Жалпы мұндай мәліметтің аяқтасты пайда болуы тегін емес. Біздегі мәлімет бойынша құзырлы органдар Қорғаныс министрлігінің есеп-қисабын тексеріп, қағаз-құжатын ақтарып жатыр.
Жақсылықовтың министр қызметінен кеткені кеше ғана. Оның орнын Дәурен Қосанов алмастырған болатын. Жаңа министрді қабылдаған Тоқаев қазақ армиясына бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай өсетінін айтқан.