Бүгін Сенаттың жұмыс тобында қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімдермен жүруге тыйым салу керек деген ұсыныс айтылды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мұндай тыйымды біраз уақыт бұрын Өзбекстан да қабылдаған еді. Өзгертулер енгізілсе қоғамдық жерлерде көз бен ауыз ғана ашық тұратын бетперде, никаб киюге рұқсат етілмейді.
Алайда заң жобасында кей жағдайларда мұндай киімді киюге рұқсат етілетіні көрсетілген. Олар:
Медициналық көрсетілімдер бойынша;
Қызметтік міндеттерді орындау барысында;
Спорттық және мәдени іс-шараларға қатысқанда және өзге де ерекше жағдайларда.