Талдықорған қаласында Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Іске төрағалық еткен Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ержан Жанұзақовтың шығарған үкімі бойынша:
Сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық баптары бойынша кінәлі деп танып, оларға келесі жазаларды тағайындады.
Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру.
Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бірауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардыңжиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру.
Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауырқылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасыескеріліп – 15 жыл бас бостандығын анайыру.
Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғысоттылығы және ол бойынша өтелмегенжазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.
Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.
Кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқаққа, ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сот шешімімен сотталған: Абзал Шынасыл – 60 млн теңге, Равиль Сакиев – 30 млн теңге, қалған сотталушылар (Сакиевті қоса алғанда) – тағы да 30 млн теңге көлемінде материалдық өтемақы төлейтін болады.
Осылайша жалпы өтемақы көлемі 120 млн теңгені құрады. Нұрымовтар отбасы моральдық шығын ретінде сотқа 660 млн теңгеге талап-арыз түсірген болатын.
Сот істің барлық фигуранттарын Шерзаттың отбасына материалдық әрі моральдық шығынды екі ай ішінде толық өтеуге міндеттеді.
Сотқа дейінгі тергеу аясында 40 рет сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған.