Қазақстанда никабқа заң бойынша тыйым салынуы мүмкін бе – Аида Балаеваның жауабы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева никабқа тыйым салуға қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Министрдің айтуынша, бұл мәселеге қатысты жеке заң жоқ, дегенмен Ішкі істер министрлігі желісімен әзірленіп жатқан норма бар.

Мен мынаны айтқым келеді: жеке заң жоқ. Бірақ ішкі істер министрлігі тарапынан қаралып жатқан норма бар. Бұл норма никабқа тыйым салуды көздейді. Қазір бұл норма Мәжілісте. Мәжілісте өзінің тәртібі бар, менің білуімше, бірінші оқылымда талқыланып жатыр немесе талқылау аяқталған болуы мүмкін,
– деді министр.

Никаб — мұсылман әйелдерінің киетін киімі, ол бетті толық немесе жартылай жауып тұратын жабын. Никаб көбіне көзді ғана ашық қалдырып, маңдай мен беттің қалған бөлігін жауып тұрады. Бұл киім шариғат талаптарына сай киінуді ұстанатын кейбір мұсылман әйелдері арасында кең таралған.