Қазақстан ТМД елдері арасында ең көп ішетіндердің үштігіне енді

Жағымсыз, бірақ шындық: Қазақстан алкоголь тұтыну бойынша ТМД елдері арасында үздік үштікке кіріп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша бізді тек Ресей мен Беларусь басып озған,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ал әлемдік рейтингте Қазақстан 68-орында. Бұл – “жақсы да емес, жаман да емес” деген санның айналасында жүргенімізді білдірсе керек.

Ішкі статистикаға келсек:

Шығыс Қазақстан облысы – көшбасшы;
Артынан Алматы, Қарағанды, СҚО және Павлодар облыстары еріп келеді.