Лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың сол жақ беті сал болып қалды

11 ақпанда Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде жасөспірім бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бала ауыр халде №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жеткізілді. Оның бетінде кесілген жарақаттар болған. Дәрігерлер жәбірленушіге операция жасады. 14 сәуірде бала Ұлттық балаларды оңалту орталығына қайта ауруханаға жатқызылды.

Кейінірек шабуыл жасаған жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды. 12 мамырда Астана қаласының соты жасөспірімді Талғар ауданының Ақтас ауылындағы қатаң бақылаумен арнайы типтегі стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.