Қазақстандық ірі зауыттың бақылау пакеті Ресейге өтті

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстандағы полипропилен өндіретін ірі кәсіпорын – «Полимер Продакшндағы» өз үлесінің 60%-ын ресейлік «Сибур Холдингке» сатты деп жазады JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы Kursiv-ке сілтеп. Келісімнің құны – 1,18 миллиард теңге. Бұл туралы «ҚазМұнайГаздың» 2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған есебінде көрсетілген. «Полимер Продакшн» – Қазақстан мен Орталық Азиядағы полипропилен қаптары мен үлдірлерін (пленка) өндіретін алғашқы…

Толығырақ...

Украинаға ұзақ қашықтыққа арналған қаруды қолдануға рұқсат берілді.

Киевтің Батыс одақтастары бұған дейін салынып келген шектеуді алып тастады,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Бұл туралы Германия канцлері Фридрих Мерц WDR телерадиокомпаниясы ұйымдастырған форумда мәлімдеді. Оның айтуынша Украина енді Ресей аумағындағы әскери нысандарға шабуыл жасау арқылы өзін қорғай алады. Бұған дейін, көмек ретінде жеткізілген қару-жарақтың бір бөлігін қолдануға тыйым салынып келген. Фридрих Мерцтің сөзіне сүйенсек,…

Толығырақ...

Лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың сол жақ беті сал болып қалды

11 ақпанда Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде жасөспірім бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Бала ауыр халде №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жеткізілді. Оның бетінде кесілген жарақаттар болған. Дәрігерлер жәбірленушіге операция жасады. 14 сәуірде бала Ұлттық балаларды оңалту орталығына қайта ауруханаға жатқызылды. Кейінірек шабуыл…

Толығырақ...

Жетісу облысында Қытай азаматының 6 көлігін иемденіп кеткен алаяқтар ұсталды

Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында автокөліктерді заңсыз иемденуге байланысты ірі алаяқтық дерегі анықталды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.  Polisia.kz сайтының жазуынша,  33 және 34 жастағы екі ер адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Алаяқтардың алғашқы құрбаны – Қытай азаматы болған….

Толығырақ...