Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада мәресіне жетті

Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Финалдық кезеңді ашқан Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.Е. Раисов қаржылық қауіпсіздік тек алаяқтықтан қорғау ғана емес, сонымен қатар тұрақты, әділетті және заңға бағынатын экономиканың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Олимпиада жастардың адалдықты, ашықтықты, заң мен тәртіпті таңдаған жауапты таңдауының символына айналды.

Олимпиадаға барлығы 3 мыңнан астам студент тіркелді. Іріктеу кезеңінің нәтижесінде финалға ең үздік 40 студент өтті.

Финалда қатысушылар тестілеуден өтіп, кейстік тапсырмаларды шешті. Осы сынақтардың нәтижесінде Қазақстанды Ресей Федерациясында өтетін Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық олимпиадада таныстыратын 10 жеңімпаз анықталды.

Бағыттар бойынша жеңімпаздар:
Ақпараттық қауіпсіздік:

⚫️Ислам Абдулахадов – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
⚫️Халил Каландаров – А.Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚарТУ);

⚫️Батырхан Нариманов – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.

Экономика:

⚫️Альбина Бухарбаева – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
⚫️Данияр Жұмаш – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті;

⚫️Вадим Тотьмянин – Тұран-Алматы университеті.

Құқықтану:

⚫️Алишер Ким – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;

⚫️Қуанышбек Аманбаев – Maqsut Narikbayev University.

Халықаралық қатынастар:

⚫️Мақсат Тілектес – Maqsut Narikbayev University;
Жасмина Закария – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті.
Олимпиада Maqsut Narikbayev University, AML Academy Қаржы мониторингі академиясы, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен сондай-ақ, Қаржылық қауіпсіздік саласындағы Халықаралық желілік институт өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада жай ғана байқау емес, құқықтық мәдениетті нығайтатын, қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған және болашақтың тұрақты экономикасын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды білім беру жобасына айналып келеді.