Марқұм әйелдің денесі қонақ үйдің бірінші қабатында тұтанған өртті сөндіру кезінде табылған, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат Instagramm-дағы krisp.tdk парақшасында жарияланды. Алдын-ала мәлімет бойынша марқұм сол қонақ үйде әкімші болып жұмыс істеген.
Құқықтық орган қызметркерлері істі анықтап-тергеу барысында қонақүйдегі өрт қылмысты жасыру үшін әдейі қойылған болуы мүмкін, деген нұсқаны алға тартып отыр.
24 мамырда сағат 04:14-те Paradise Villa қонақ үйінің қабылдау бөлмесінде өрт шықты. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толығымен сөндірілді, 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді, — деп хабарлады Жетісу облысының ТЖД.
Полицейлер кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу аясындағы өзге мәліметтер жария етілмейді, — делінген Жетісу облыстық полиция департаменті берген түсініктемеде.