Астаналықтар Болат Сарыбаевты еске алды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»  залында қазақтың көне музыкалық аспаптарын жаңғыртып, ұлттық мұраны зерттеуге өмірін арнаған көрнекті зерттеуші Болат Сарыбаевтың шығармашылығына арналған концерт өтті, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

«Дәуір сазы» деп аталған кеште  ежелгі қазақ музыкалық аспаптары сахнада заманауи сипат алып, қазіргі заманмен үндестік таба отырып келушілер назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, Болат Сарыбаевтың бірегей зерттеулеріне сүйенген ерекше музыкалық интерпретациялар, этномузыка мен заманауи музыкалық стиль халқымыздың бай рухани мұрасын дәріптеп, ғасырлар қойнауынан жеткен сазды шежіре сахна төрінде қайта жаңғырды.

Концертке  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері  Клара Төленбаева, Раушан Оразбай, Мәдениет саласының үздігі: Қайрат Айтбаев, Перизат Тұрарова, Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, Мәдениет қайраткері: Ерболат Шалдыбеков, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Венера Табыс, Ақерке Тәжібаева, Жанту Дадабаев, Аяулым Жұмкенова, Біржан Айтахмет, «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртістері Дарын Құдайбергенов,  сондай-ақ, «Birlik» би ансамблі қатысып көрерменге керемет кеш сыйлады. 

Кеш барысында белігілі музыка мамандары Дүйсен Қасейінов, Сағатбек Ағытаев, дәулескер күйші, музыка зерттеуші Жанғали Жүзбайлар ғалым Болат Сарыбаевтың  көне аспаптарды тауып оны айналымға ендіргені ұлт музыкасы үшін баға жетпес еңбек екеніне тоқталып өтті.