Жазда оқушыларға мұражай мен театр тегін болады

Жазғы демалыста оқушылар еліміздегі театрлар мен мұражайларға тегін кіре алады,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

«Бұл бастама – балалардың мәдениетпен етене танысуына үлкен мүмкіндік», – дейді министрлік өкілі.

Биылғы оқу жылын 3,9 миллион оқушы аяқтайды. Енді олар жазда бос уақытын пайдалы әрі танымды түрде өткізе алады.