Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір аудандарының бірінде бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген адамдар тобын анықтады, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.
Заңсыз әрекеттерді толық тіркеу мақсатында жедел уәкілдер ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын пайдаланып, заңсыз жер жұмыстарын жүргізілген жердің нақты орнын анықтады.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылық орнында алты адам ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында бір экскаватор, үш металл іздегіш құрылғы, екі автокөлік және топырақ үлгілері алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жерасты ресурстарына келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды, — делінген дереккөз таратқан ақпаратта.
Айта кететіні мұндай заңсыз әрекеттер тек мемлекет экономикасына ғана емес, сондай-ақ өңірдің экологиялық жүйесіне – флора мен фаунаға, табиғи ландшафтқа да елеулі зиян келтіреді.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырып, кез келген заңсыз әрекет туралы “102” нөміріне хабарлауды сұрайды. Табиғи байлықтарымызды қорғайтын тиімді күрес тек бірлескен күш-жігер арқылы мүмкін болады.