Күдіктілердің арасында Әкімшілік полиция басқармасының басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері және нотариустар бар, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Соңғы үш жыл ішінде Агенттіктің аумақтық департаменттері көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым төлеуден жалтару фактілері бойынша 88 қылмыстық істі тергеді.
Бұл істер бойынша, Мемлекетке келтірілген залал 11,8 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, құны 31 млрд теңге болатын 1 500 автокөлікке және 968 млн теңгенің күдіктілерге тиесілі мүлкіне тыйым салынды. Аталған заңсыздықтарға күдікті ретінде 70 адам танылды, — делінген дереккөз таратқан ақпаратта.
Нәтижесінде мемлекетке 900 млн теңге көлемінде алымдар төленді.