Абзал Шынасыл сотта бұрын тергеу кезінде айтқан сөздерінен бас тартты. Айтуынша, төбелеске қатысқан төртеу өзара келісіп, бір адам мойнына алу керек деп шешкен. Себебі тергеушілер «бәрің ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде кетесіңдер» деп қорқытқан,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Менде пышақ болған соң, жасырып қалғандай болғым келмеді. “Алсам, ала салайын” деп ойладым», – дейді ол.
Кейін Нұрбол Тоқтаубаев «сенде пышақ болды ғой» дегенде, Шерзатты өлтіргенімді мойындай салдым.
Ал Нұрқанатқа пышақ салған — Шыңғыс деп келістік», – дейді айыпталушы.
Бірақ бүгін сотта ол бұл жауаптарын жоққа шығарды:
«Мен бәрін өз ойымнан құрастырдым. Шерзатқа пышақ салған жоқпын. Мен тек Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ салдым», – деді.
Сонымен қатар, ол оқиғадан кейін Дана Жақсыкелдінің қан болған пышақты жуып беріп, Dizzy құйып бергенін де айтты.