Ертең Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

Отырыста депутаттар бірінші оқылымда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулерді, ал екінші оқылымда азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасын қарайды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Парламенттің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жиын 14 мамыр сағат 14:00-де басталады.

Сондай-ақ 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жобасы талқыланады.
Сонымен қатар Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдайды,-делінген хабарламада.