Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті мәлімеді.
Атырау облысында мектеп оқушылары екі жасөспірімді жабылып соққыға жыққан. Оқиға Еркінқала ауылында болған,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жәбірленуші баланың отбасы полицияға арыз түсірген. Алайда олар істің жабылып қалуынан қауіптенеді.
Ұлына сегізге жуық жасөспірім жабылып тиісіп, ұрып-соққан. Солардың бірі – құқық қорғау органдарының қызметкерінің баласы. Баламның денесі көгеріп кеткен, мұрнынан қан кетіп жатыр, өзі қатты психологиялық күйзеліске түсті. Бізге ескерту жасаған: «Егер біреуге тіс жарып айтса, тағы да соққыға жығамыз» деп. Мен үндемей қала алмаймын. Балам үшін қорқамын, бірақ өзгелердің баласына да қауіп төніп тұрғанын ойласам одан бетер қорқамын,
– дейді жәбірленушінің анасы.