Елордадағы «Шапағат» коммуналдық базарынан өрт шықты. Оқиға орнында арнайы күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпаратттық-сараптамалық порталы.
ТЖМ құтқарушылары эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, тілсіз жау шамамен 400 шаршы метрді құрайтын 10-ға жуық бутикті шарпыған.
Жергілікті жерде жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) 5 буыны жұмылдырылды, іште адамдардың бар-жоғына тексеру жалғасуда. Өрт орнына судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы гидранттарға қосылған 3 автоцистерна орнатылды, делінген дереккөз таратқан мәліметте.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 71 адамы және 20 арнайы техника жұмыс істеуде.