Ресей Киевті кореялық зымырандармен атқылады

Украина астанасына жойқын шабуыл жасалды. Бас шаһарға қарасты бірнеше аймаққа әуеден 200 ден аса қуатты соққы берілген. Зымырандар және ұшқышсыз ұшақтармен атқылаған Ресей әскері Святошин ауданындағы тұрғын үйдің бірін жермен-жексен еткен,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ол үшін солтүстік кореялық баллистикалық зымырандардың қолданылғаны айтылады. Салдарынан 90 адам жарақат алған. 12 адам мерт болды. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.

Қазір өңірде тұрғын үй үйінділерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

Әлем елдері Ресейдің бұл әрекетін қатаң сынға алды. АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желі арқылы «Владимир тоқта» деген үндеу жолдады. Ол керексіз уақыттағы бұл шабуылдың Киев үшін қажет болғанын жасырмады.