Дональд Трамп Ақ үйдегі журналистермен өткен кездесуде осылай деді.
Ол жауласқан екі елмен де мәміле жасалатынын, алайда Киевпен келісу әлдеқайда қиын екенін жеткізді,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский Қырымды басып алуды заңды түрде мойындамайтынын мәлімдеген. Бұл айтқаны Дональд Трампқа жақпай қалды. Тіпті Лондонда жоспарланған бейбіт келіссөздер де кейінге қалдырылды.
Ақпаратқа сүйенсек, Зеленский АҚШ ұсынған шарттардан бас тартқан. Құжатта Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп тану, сондай-ақ, Украинаның шығысындағы төрт аймақты Луганск, Донецк, Херсон және Запорожье облыстарын Мәскеудің бақылауына беру туралы жазылған. Одан бөлек, Украина НАТО-ға мүшеліктен бас тартуы міндеттелген. Алайда, Еуроодаққа жол ашық екені айтылған. Ал, Ресейді соңғы 10 жылда салынған барлық санкциядан босату жоспарланған.