«Қазақстан АЭС құрылысына Ресейдің қатысуын қалайды» — Сыртқы істер министрі

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізде салынатын тұңғыш атом электр станциясының (АЭС) құрылысына Ресей тарапының қатысқанына мүдделі екенін жеткізді деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы ол Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен болған кездесу кезінде мәлімдеді.

Министр Нұртілеудің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің түрлі салада бірлескен жобалары бар. Ал атом электр станциясының құрылысы – осы бағыттағы келесі маңызды қадам болуы мүмкін.

Екі елдің тиісті министрліктері қажетті дайындық жұмыстарын жүргізеді деп сенеміз, – деді Мұрат Нұртілеу.

Айта кетсек, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Алматы облысына қарасты Үлкен ауылында салу жоспарланып отыр. Бұл жобаны жүзеге асыратын компания ретінде Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қарастырылып жатыр.