Магнум дауы: Еркін мен Асылхан татуласты

Қазақша сөйлеуді талап еткені үшін жұмыстан қуылған курьер мен оның үстінен арыз жазған Асылхан бітімге келді,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қазақтілді аудиторияның бойкотына ұшыраған «Мағнұм» супермаркеті Еркінді жұмысқа қайта қабылдапты.

Елді дүрліктірген екеу қол алысып, тіл табысқаны туралы видео жариялап, осымен бұл істі жабайық дегенге келтіріпті.

«Бәріміз қазақпыз ғой. Елімізге тыныштық пен татулық керек», — дейді курьер Еркін.

Орыс мектебінде мұғалім боп істейтін Асылханға да сәл-пәл ақыл кірген секілді. Ол енді қазақтарға қарсы сөйлемейді деп сенеміз.

Бұл кейс «Мағнұм» үшін де жақсы сабақ болды. Осы дау жария болған бетте дүкеннің конкуренттері қалың орман қазақтілі аудиторияға құшағын ашып, түрлі жеңілдіктер ұсына бастады.

Тұтынушылары күрт азайған «Мағнұм» Еркінді қайта қабылдамаса, банкротқа ұшырап тынар еді.

Бойкотты жалғастырамыз ба, әлде осы жерден тоқтаймыз ба?