Қазақтілді аудиторияның тарапынан бойкотқа ұшыраған Magnum компаниясы арнайы мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды JurtMedia.kz. ақпараттық-сараптамалық порталы.
Компания жетекшілері ел алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, туындаған келеңсіздік үшін көпшіліктен кешірім сұрады.
– Қадірлі тұтынушыларымыз, қымбатты отандастар! Соңғы күндері болған жағдай сіздердің де, біздің де көңілімізге кірбің түсірді.
Қазақ – сабырлы халық, кез келген түсініспеушілікті ақылмен шешкен елміз.
Біз де осы дәстүрді ұстанып, қызметкеріміз бен клиентіміз арасындағы келіспеушілікті реттедік. Тараптар бір-бірімен татуласып, өзара кешірім сұрап, қол алысты. Бүгінде мәселе толық шешіліп, қызметкеріміз өз жұмысын жалғастыруда.
Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине, біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз — басты құндылығымыз.
Оны білу — әрбіріміздің асыл парызымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді компанияның топ-менеджері Нияз Шапақов.
Magnum тәубесіне түсті ме, қалай ойлайсыздар?