Астанада жеті жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Адвокат Азамат Сағалдың айтуынша, кішкентай балаға туған атасы азғындық жасаған,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жаға ұстатарлық оқиға туралы адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында айтып берді. Оның айтуынша, түнде қызыма азғындық жасады және зорлаған болуы мүмкін деген арызбен бір әйел жүгінген. Жәбір көрген қыз бала небәрі жеті жаста екен. Азамат Сағалдың айтуынша, қызды туған атасы зорлаған, арам пиғылын іске асырғаннан кейін қылмыс орнынан қашып кеткен.
Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растап отыр. Күдікті қазір қамауда.
Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр,-делінген хабарламада.