Қосылған құн салығы мөлшерлемесі белгіленді

Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексін екінші оқылымда қабылдады. Алғашында Үкімет ұсынған 20% мөлшерлеме 16% дейін төмендетілді,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеудің шегі 15 млн-нан 40 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге қосылған құн салығының төмендетілген мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылдан бастап 5% 2027 жылдан бастап 10% болады. Сирек…

Толығырақ...

Халық тамаққа көп ақша жұмсайды

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы қазақстандықтар табысын қайда жұмсайтыны туралы деректерді жарыққа шығарды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Сарапшылардың бағалауынша, халықтың табысымен қатар, шығындары да үздіксіз артып жатыр екен. Ең назар аударар тұс – халық қолда бар қаржысының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсауда. Бұл нені білдіреді, жұртшылықтың қомағайлығын ба, әлде инфляцияның бас бермей кеткенін бе?

Толығырақ...

«Тағы қастаңдық». Шерзат Болаттың адвокаттары мінген көлікке зақым келтірген

Талдықорғанда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі бойынша сот жалғасып жатыр. 29 сәуірдегі кезекті сот отырысынан кейін марқұмның адовакаттарының көліктеріне зиян келтірген,-деп хабарлайды JurtMedia.kzақпараттық-сараптамалық порталы. Сот отырысынан шықтық. Бұл бізге жасалып жатқан қастандық па әлде кездейсоқтық па құдай білсін. Дөңгелектегі екі болтымызды шешіп алыпты….

Толығырақ...

Шымкентті улы жыландар қаптап жатыр – 13 адам көмек сұраған

Шымкентте бауырымен жорғалаушылар тұрғын үй мен аулаларға кіріп, жұрттың үрейін ұшырып жатыр. Соңғы айда жедел құтқару жасағының көмегіне 13 адам жүгінген,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Мамандар улы шұбар, оқ жыландарын аулағанын айтады. Ұсталған жорғалаушылар арнайы құралдардың көмегімен қала сыртына шығарылған. Сондықтан табиғат аясына серуенге шыққанда тұрғындар абай болғаны абзал. Былтыр көктем, жаз айларында 286 жылан…

Толығырақ...

Биыл елдегі дәрі бағасы 5-тен 30 пайызға дейін төмендейді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік саясат департаментінің директоры Жандос Әділхан айтты,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Министрлік дәрілік заттардың бағасын қалыптастыру механизмін қайта қарап, артық үстемақыларды алып тастау арқылы осындай нәтижеге қол жеткізген көрінеді. 1 шілдеге дейін дәріханаларда препараттардың жаңа бағасын көреміз деген жоспар бар. 5-тен 30 пайызға дейін төмендейді, — дейді ведомство өкілі.

Толығырақ...

Украина соты экс-президент Виктор Януковичті 15 жылға бас бостандығынан айырды

Алайда, үкім сырттай қабылданды. Киевтің Подольск аудандық соты Януковичті «әскери қызметкерлерді қашуға үгіттеді» және «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырды» деген айыптаулар бойынша кінәлі деп тапты,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Бұл мәліметті Украина бас прокуратурасының кеңсесі таратты. Айта кетсек, 2019 жылы Украина соты Януковичті мемлекетке опасыздық жасау және агрессивті соғыс жүргізуге көмектесу ісі бойынша 13…

Толығырақ...

Алматылық ардагерлер 5 миллион теңгеден алады

Алматы қалалық мәслихатының  депутаттары қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ардагерлерге берілетін біржолғы төлем мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы бастамасын қолдады, деп хабарлайды jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.  Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл әлеуметтік қолдау шарасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ғана қатысты (ҰОС қатысушылардың, мүгедектердің). Сондай-ақ, депутаттар Ерболат…

Толығырақ...