Атырауда ер адам өзіне қол жұмсамақ болды

Бүгін сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпаратттақ-сараптамалық порталы.

Бұл туралы  POLISIA.kz  Telegramm арнасы жазды.

  Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті, -деп жазды дереккөз. 

Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды.
Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізілуде.