Өскеменде «102» арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы, Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары мамандырылған қызметтермен бірге ғимаратты мұқият тексеріп шықты, алайда жарылғыш немесе басқа да күмәнді заттар табылмады. Артынан бұндай жалған ақпаратты жіберген мас күйдегі қала тұрғыны болып шықты.
Полиция қоңырау шалған адамның жеке басын анықтады. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Әйел адам қоңырау шалған кезде полиция бөліміне жақын маңда жүрген және медициналық қорытындыға сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған. Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әйел жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оны 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр,-делінген дереккөз таратқан ақпаратта.
Полицейлер азаматтардан барлық жағдайда жауапкершілік танытуды сұрайды, себебі осындай жалған қоңыраулар мен хабарламалар айналадағы адамдарға қауіп төндіретінін ескертеді.
Фото: дереккөзден