«Алматы-Шымкент» бағытымен ұшпақ болған Қытай азаматы қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптмалық порталы.
Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Шымкент рейсі бойынша ұшқан жолаушыны ұстады. Тергеу барысында 34 жастағы Қытай азаматы жөнелту залындағы қоғамдық орынға түкіріп, сол арқылы өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық аумақты ластағанын анықтады. Құқық бұзушы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (Т19 660) көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ рейстен шығарылды», — делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары биылғы жылдың басынан бері Көліктегі ІІД түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5249 құқық бұзушыны, оның ішінде 499-ы қоғамдық аумақтарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.