Ол 2023 жылдың қараша айында Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырған, деп хабарлайды jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу барысында осылайша оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын мілңмдеді. Күдікті осы жиналған ақшаға Астана қаласынан қымбат пәтер мен көліктер сатып алған. Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. «Sensata Plaza» элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге «Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic» жаңа автокөлігін сатып алған
Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де «Rolex», «Prada» және «Fendi» брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсаған, — деп жазды ҚМА баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасуда.