Бишімбаевтың қазіргі уақытта қайда екені белгілі болды

ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан мекемені атады, деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы марқұм Салтанат Нүкенованың отбасылық адвокаты Жанна Уразбахова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Қазіргі уақытта сотталған Бишімбаев Қ. У. Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №5 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр», — деп жауап берген ҚАЖ өкілдері адвокат Уразбахованың сауалына.

Бұған дейін бірқатар ресейлік Telegram арналары Бишімбаев қашып кетті деген хабар таратқан болатын.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Салтанат Нүкенова айуандықпен өлтірілген болатын. Сот оның азаматтық некедегі күйеуі, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды.