Абай облысында 5 орманшы жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан  «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады,- деп хабарлады Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Олардың Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетті бітіргендігі туралы жалған дипломдары болған.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерлерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.  Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген,- деп жазды дереккөз.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.