Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қордың құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүріп жатқаны айтылды. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Ол қайырымдылық үшін халықтан жиналған ақшаның негізгі бөлігіне қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүліктер сатып алған.
Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге «Mercedes-Benz S450», 80 млн теңгеге «Lexus LX-600» және 39 млн теңгеге «Haval» автокөліктерін сатып алды.
Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды. Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы «St. Regis», «Shangri-La», «Palazzo Versace» және «Kempinski» сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған,- делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Бұл елдерде ол «Cartier» және «Louis Vuitton» сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.
Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Осылайша, Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған,-деп зады агенттіктің баспасөз қызметі.
Күдікті ұсталды.
Фото: Instagramm парақшасынан.