Министрлік тікұшақ апаты кезінде қаза болған офицер туралы мәлімет жариялады

Офицер Әуе қорғанысы күштері әскери институтын 2009 жылы  «ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар»  мамандығы бойынша бітірген,- деп хабаралайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы. Ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марқұм үйленген, артында екі баласы қалды.

Ақтөбе облысындағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған авиациялық апат салдарынан 1988 жылы туған Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Батыр Қайратұлы Оразымбетов қайғылы жағдайда қаза тапты, — деп жазды ведомство баспасөз қызметі.

Ол қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымдардан өткен. Ми-8 тікұшағын пайдалануда үлкен тәжірибесі бар, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады. Қызмет барысында жоғары кәсібилік пен адалдық танытқан. Биылғы жылдың көктемінде болған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан. Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталған.

Сонымен қатар минисьрлік өкілдері апатты жағдайдағы қону кезінде зардап шеккен әскери институт авиациялық эскадрильясының командирі майор Бибарыс Ибраев пен оқу-жаттығу авиациялық орталығының аға ұшқыш-нұсқаушысы аға лейтенант Рүстем Нығметов қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты-ауыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде екенін мәлімдеді.