Ақтөбеде әскери тікұшақ отқа оранып, бір адам қаза болды

Оқиға  Ақтөбе облысындағы аэродром аумағында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде болған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы

Ішкі істер министрлігінің  мәліметінше тапсырмаға сәйкес ұшуларды  орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын бактары өртенген.

3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты. Авиациялық оқиғаның алдын ала себебі — техникалық ақаулық, — делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдері қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықтау үшін тиісті шарала өқабылданып жатқагыг айтты.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.

Сонымен қатар минстрлің өаза болған экиапж мүшесінің отбасына тиісті көмек көрсетілетінін де атап өтті.

Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Фото: дереккөзден