Белгілі заңгер, қорғаушы Ләззат Ахатованың айтуынша Ақтөбе облысы, Мәртөк аудандық полициясының тергеушісі болған Айбат Ерғалиев жергілікті соттың шешімін орындаймын деп өзі заңсыз сотталып кеткен, деп хабарлайды Jurtnedia.kz ақпараттық порталы.
Адвокаттың айуынша бұрынғы тергеушініің келіншегі күйеуінің заңсыз сотталғанын айтып,өзінен құқықтық көмек сұраған.
Мән-жай мынадай: 2020 жылдың ақпан айында Ақтөбе облысының Мартук ауданында контрабандалық жолмен өткізбек болған 611 960 қорап акцизсіз темекі (құны шамамен 244 млн.теңге) тәркіленіп, ол бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалады. Тауар акцизделмеген, яғни құрамы, басқа да белгілері анықталмаған, тексерілмеген. Сотта, тергеуде тәркіленетін заттай (контрабандалық заттар, есірткілер, валюталар, т.с.с) айғақтарды тіркеудің, сақтаудың, өткізудің және жоюдың Үкіметпен бекітілген арнайы Ережесі бар.
Қай зат жойылуға жатады, қай айғақ қайтарылуға, қай нәрсені сатуға және одан түскен қаражатты мемлекет кірісіне өндіруге жатады деген құқықтық мәсәлелер сол Ережеде көрсетілген.
Аталған норманың талабы бойынша, тергеуде тәркіленген заттарды сатуға немесе жоюға шешімді СОТ қабылдайды. Яғни тергеу органы қандай да бір әрекет жасау үшін соттың санкциясы керек.
Аталған заң талабын сақтап, сол кездегі Мәртөк аудандық полициясының тергеу бөлімі басшысы сотталып кетіп отырған азамат Айбат Ерғалиев тәркіленген темекілерді сатып, қаражатты мемлекет пайдасына өндірге рұқсат сұрап, тергеу сотына жүгінеді. Сот тергеуші талабын қанағаттандырусыз қалдырады. Сатуға рұқсат етпейді. Өйткені, ҚР “Темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы” Заңының 13 бабында “АКЦИЗДЕЛМЕГЕН ТЕМЕКІ өнімдері ЖОЙЫЛУҒА ЖАТАДЫ” деп анық көрсетілген, , — дейді қорғаушы.
Адвокаттың жазуынша, осыдан кейін тергеудің басшысы А.Ерғалиев бұл іске нүкте қояды. Заңмен көзделген барлық шараларды жасайды да, контрабандалық жолмен әкелінген акцизсіз темекілерді жою үшін аудан прокурорына шығады. Сол кезде аудан прокурорының м.а. А.Мхахамбетжан өз өкілеттігін пайдаланып, Мәртөк аудандық прокуратурасы атынан Ақтөбе облыстық сотына шағымды өзі түсіреді.
Ақтөбе облыстық сотының судьясы Н.Ормаханов 06.08.2020 ж.Қаулысымен тергеу сотының судьясы Нұршарыповтың акцизсіз темекілерді сатуға тиым салған қаулысын бұзады. Сөйтіп, аудан прокурорының талабын қанағаттандырып, тәркіленген 611 960 қорап, құны 244 млн.теңгеге бағаланған темекілерді сатуға рұқсат береді.
Облыстың соты солай шешім шығарып берсе, сатылу керек. Одан түскен қаражат мемлекетке түсу керек. Ең жоғарыда көрсетілген ЕРЕЖЕ талабына сай, тәркіленген заттарды сататын компанияны жергілікті әкімдік табу керек. Солардың құзырына жатады. Ерғалиев хатпен әкімдікке шығады. Әкімдік «Adele invest» ЖШС-н ұсынады. Ол ЖШС-ның директорын Ерғалиев танымайды, білмейді. Әкімдіктің белгілеген мекемесі болғандықтан, жаңағы қоймада сақталып тұрған 612 мыңға жуық қораптағы темекіні акт жасап, түгел өткізеді. ЖШС — ң директоры Т.Жалғасов тауарды түгел қабылдап алады.
Қызықтың бәрі осы жерден басталады. Әлгі ЖШС 244 млн-дық затты алып, жоқ боп кетеді. Ерғалиев оны екі жыл іздейді. Себебі мемлекетке тәркіленген тауардан бір тиын қаражат түспеген.(!) Шарқ ұрып, іздеп, тауып алады да, ЖШС-ның үстінен іс қозғау үшін прокурорға қаулымен шығады.
Қысқасы, соңында кімнің сотталғанын білесіздер ме?! Мемлекет пайдасын ойлап, пәлен млн-дық тауарды жымқырып, жоқ боп кеткен компанияны жауапқа тартпақ болған А.Ерғалиевтің өзінің үстінен іс қозғап, 5 жарым жылға соттайды. Бас бостандығынан айырып, қамауға алады. Түкке түсінбеген Айбатқа араша сұрап, шырылдаған әйеліне облыс прокурорының сол кездегі көмекшісі “Күйеуің секіре бермеу керек еді. Білуге тиісті емес нәрсеге мұрнын тығып” дейді..
161 950 қорап (құны-244 млн.) контрабандалық жолмен әкелінген акцизделмеген темекіні жоқ қып жіберген, (мемлекетке бір тиын құймаған) компанияны жауапқа тартпақ болған Ақтөбе облысы, Мартөк аудандық тергеу бөлімінің басшысы Айбат Ерғалиев Қылмыстық Кодекстің 362 -бабымен (қызметін асыра пайдалану) сотталып отыр. Қазір Семей түрмесінде. Соттың айтуынша, “заңсыз әрекетімен мемлекетке орасан, атап айтқанда 244 млн.шығын келтіріпті”. Айыбы сол екен. Парадокс па? «Adele invest» ЖШС-на контрабандалық тауарды өткізіп, “жеке бас пайдасын көздепті”-мыс. Ары қарай ол компанияны іздемепті-мыс. Менің алдымда Ерғалиевтің «Adele invest» ЖШС-н іздеп, мемлекетке түсуі тиіс қаражатты іздеп, түрлі мекемелерге(оның ішінде әкімдік, прокуратура бар) жазған 12(!) хаты тұр. Кәдімгі мекеменің мөрі басылып, қол қойылған ресми хаттар. Ол хаттардың іс материалдарында болмауы мүмкін емес.
Сот актілерін оқып, жыларыңды да, күлеріңді де білмейсің. Бірінен бірі көшіріп жаза берген. Соңғы үміт — Жоғарғы Соттың шешімі еді. Бір сауатты жазса, Жоғарғы Соттың судьялары жазар. Негіздеп, шегелеп тұрып жазар деген ойым да быт-шыт болды..Ет сасыса тұз бар, тұз сасыса, не себеріңді білмейсің ғой..Дәл сол жағдай,- дейді Л Ахатова.
Оның жазуынаша жазықсыз сотталған бұрынғы полицейдің келіншегі әділідік іздеп Бас прокуратураға үшінші рет келгенде ғана бас қадағалушы орган істі қайта қарауға ниет білдіре бастапты.
Ерғалиевтің келіншегі алдыңғы екі рет келгенде, оған бас прокуратура формалды жауап жазып, қоя салған. Үшінші келгенде, өзін өртемесе де, соған жетеқабыл эмоциямен ашынып, Бас Прокуратурада шу шығарған. Әбден ашынған адамның жанайқайынан нәтиже шығып, Бас Прокуроратура қызметкерлері істің мән-жайын толық тыңдап, түсінгенде, бастарын шайқап, істі Ақтөбеден алдыртады. Бас Прокуратурада жай мамандар емес, тәжірибелі, білікті заңгерлер істейді. Істі әбден зерттеп, сот шешімдері заңсыз шығарылған, Ерғалиев заңсыз сотталған деген ұйғарымға келеді. Бас Прокурорға баяндайды. Соның нәтижесінде Жоғарғы Сотқа Берік Асыловтың қолы қойылған шағым дайындалады,- деп жазады заңгер.
Қорғаушы мен жазықсыз сотталды деген Ерғалиевтің жұбайы да осы кезде әдәлдәкке бәр табан жақындадық деп ойлағандарын айтады. Алайда, Жоғарғы сот шығарған шешім олар ойлағандай болмай шыққан.
Осыдан кейін тәркіленген заңсыз тауарды өздері шағым түсіріп, облсотқа жазған аудан прокуроры, жойылуға жататын контрабандалық заттарды сатуға шешім шығарған облыстық сот судьясы, қала берді, тауарды сататын ЖШС-ны тауып берген әкімдік қызметкері, бастысы — 244 млн-ның затын қабылдап алып, мемлекеттік бюджетке бір тиын құймаған «Adele invest» ЖШС-н жауапқа тартатын шығар, өз өкілеттігі шегінде заң талаптарын орындаған тергеу басшысының ісі қайта қаралатын шығар деп үміттенген болатынбыз.
Бірінші сатыдағы сот пен апелляциялық алқаның қаулысында не жазылған, дәл сол ізден, сол негізден ауытқымаған Жоғарғы Сот Қаулысын оқығанда..айтар сөз қалмады», — дейді адвокат Ләззат Азатова.