СҚО-да алимент үшін миллиондаған қарызы бар әкелер құмар ойынын ойнап жүрген
Облыстағы борышкерлердің букмекерлік кеңселердегі операцияларының жалпы сомасы 56 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы мәлімдеді. Алимент бойынша борышкер әкелер балаларына бірнеше миллиондық қарызы бар бола тұра, букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға үлкен ақша жұмсап, өз міндеттемелерін елемейтіні анықталды, Мысалы, 4,7 млн теңге мөлшерінде алимент бойынша берешегі бар борышкер,…