Олар өздерін Қазақстанда ресми тіркелген халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде таныстырып, Ақтөбеде презентациялар өткізген, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Күдіктілер Ақтөбе облысында «World Business Consulting» деген атаумен қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрған.
Адамдарды жинап түрлі презентация өткізген күдіктілер қаржылық инвестициялар, тиімді пайызбен несие рәсімдеу, әлемнің кез-келген жерінен пәтер және жаңа көлік сатып алу жайлы ақпараттармен азаматтарды қызықтырған. Осы арқылы олар жаңа салымшыларды тартып, оларға ай сайын ақша салып одан сыйақы алатынына сендірген,- делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Күдіктілердің заңсыз әрекетінен адамдарға 60 млн теңгеге жуық шығын келтірілген.
Сот үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Агенттіктің берген қосымша міліметінше түрлі қаржы пиармидаларына қатысты жыл басынан бері алпыстан астам қылмыстық іс тіркеліп, елу 8ш адам сотталған.
Жыл басынан бері ҚМА қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 62 қылмыстық іс аяқталды, олардың ұйымдастырушылары 20 млрд теңгеге жуық шығын келтірді. Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. Қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырғаны және жарнамалағаны үшін, 53 адамға қатысты 35 сот үкімі шықты. Олар 2 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге сотталды, — деп жазды дереккөз.
Сондай-ақ қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,7 мың сайт пен сілтеме бұғаттау үшін тиісті орындарға жолданған.