Елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған «Қаңғыбас» атты жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқық бұзушылық жасады деген 6 адамды ұстады.
Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды.
Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты, — деп жазды елордалық ПД баспасөз қызметі.
Фото: видео кадрдан алынды