Албанияда өтетін әлем чемпионатына баратын палуандар белгілі болды

Санаулы күндерден соң Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды  Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Еліміздің Спорт және туризм министрлігі аталған әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін жариялады.

Алдымен 23 жасқа дейінгі палуандар бозкілемде белдессе, кейіннен ересектер олимпиадалық емес салмақтарда өзара кім мықтыны анықтайды.

Олимпиадалық емес салмақтардағы әлем чемпионаты Олимпиада бағдарламасына енбей қалған төрт салмақ дәрежесінде өткізіледі. Атап айтқанда, еркін күрес шеберлері 61, 70, 79, 92 кг, әйелдер күресі өкілдері 55, 59, 65, 72 кг және грек-рим күресі палуандары 55, 63, 72, 82 кг салмақтарда белдеседі. Бұл дода аталған салмақтағы палуандардың жарыссыз қалмауы үшін ұйымдастырылады. Сондықтан Олимпиадаға қатысқан палуандар бұл әлем чемпионатында өнер көрсете алмайды.

Ересектер арасындағы әлем чемпионаты 28 қазанда басталып, 31 қазанда мәресіне жетеді. Финалдық бәсекелер 29 қазан (грек-рим), 30 қазан (әйелдер күресі) және 31 қазан (еркін күрес) күндеріне жоспарланған.

Қазіргі таңда әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының палуандары анықталып, жарысқа қарқынды дайындалып жатыр. Албаниядағы әлем чемпионатында төмендегі палуандарға сенім артамыз,- деп жазды ведомствоның басапасөз қызметі.

Сонымен:

 Грек-рим күресі:

55 кг: Исхар Құрбаев

63 кг: Ержет Жарлықасын

72 кг: Мейіржан Шермаханбет

82 кг: Евгений Поливадов

Әйелдер күресі:

55 кг: Зүлфия Яхьярова

59 кг: Диана Қаюмова

65 кг: Ирина Казюлина

72 кг: Жәмила Бақбергенова

Еркін күрес:

61 кг: Асыл Айтақын

70 кг: Нұрғожа Қайпанов

79 кг: Дәулет Ергеш

92 кг: Нұрдәулет Бекеновтер боз кілемде белдесіп ел намысын, қорғайтын болады.

Фото: дереккөзден