«Жыла балам»: Қарт журналист Елдос Сметовтің көз жасына қатысты пікір білдірді

Есімі елімізге кеңінен танымал  қазақ спорт журналистикасының белгілі ақсақалы Несіп Жүнісбайұлы кеше ғана Париж төрінде ел қоржынына алғашқы алтынды салған балуан Елдос Сметовтің жеңіс тұғырында тұрып көз жасына ерік берген фотосына қатысты әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Белгілі журналист әлеуметтік желідегі парақшасындағы  жазбасын «ҚУАНҒАН мен ҚОРЫҚҚАН БІР — ЖЫЛА,БАЛАМ!!!» деп бастады.

 … Жыла, БАЛАМ:  Еліңді Жеңістің алтын шыңына алып

    шыққаныңа жыла!  

 Етекте жетпей кеткен Жеңістердің көптігіне жыла!

Жақсылық Үшкемпіровтей ағаңның сенің мына өз жеңісіндей болған Ұлы Жеңісіңді

көре алмай кеткеніне жыла!

Қазақ халқының көп істе елге есесі кетіп жүргеніне жыла!

Үш Олимпиадаға ат ерттеп барып,үшеуінен де медаль — АЛТЫН,КҮМІС,ҚОЛА — әкелген жалғыз қазақ спортшысы екеніңе жыла!

Сенің бүгінгі ұлы Жеңісің ертеңгі бауырларыңа үлгі болып,оларды ЕЛ НАМЫСЫН қууға тобымен тартатындығына жыла!

 Әлем бойынша шеберлер тізімінде 22-ші тұрып,ойып тұрып 1-ші орынды жеңііп алғаныңа жыла!

 Бүкіл Отаның сенің Жеңісіңе көз жастарын төгіп отырып қуанғанына жыла!

 Бір Азамат Отан алдындағы борышын өтеп кетуге міндетті болса,сондай аз ғана Азаматтың қатырына Өзіңнің қосылғаныңа жыла!

ЖЫЛАП тұрып,ҚУАН,айналайын,ЕЛДОСЖАН!

Сен жеткізген Жеңістен соң Халқың да жылауын қойып,балаша қуанады.  Жылау аз болсын,БАҚЫТ мол болсын,БАЛАМ!!!, — деді жазба авторы

Айта кетейік Несіп Жүнісбайұлы ұзақ жылдар қазақ спорт жуарналисткасына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан тұлға. Ол  «Үшінші раунд», «Ауылдан шыққан алыптар», «Футболмен тыныстаған Испания»,  «Намыс жыртар ұл қайда?!», «Мексикадағы футбол тойы», «Мұстафа Өзтүрік»,  «Ережесіз «белдесу»»  т.б. кітаптардың авторы