Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы субұрқақтың жанында жас жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Куәгерлердің айтуынша, жігіт суға түскен бетте ыстық екені айтып шағымданған. Сосын субұрқаққа қайта сүңгіп шығып тік тұрған бойда суға құлаған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады. Нақты себептері әлі жарияланған жоқ.
Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Субұоқақ орналасақан университет марқұмның аталаған оқу орнының студенті емес екенін атап өтті.
2024 жылдың 19 маусымында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы субұрқақтың жанында жас жігіт қайтыс болды. Марқұм университеттің студенті емес. Жедел жәрдемнің алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебі жүректің аяқ асты тоқтап қалғандығынан болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», — делінген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспсаөз қызметі берген ақпаратта.
Фото: дереккөзден