Сенатор Алтынбек Нұхұлы Сәтбаев университетінің «Құрметті профессоры» атанды

Бүгін Алматыдағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде ҚР Парламент Сенатының депутаты, сәтпаевтанушы, ғалым Алтынбек Нұхұлы «Сәтбаев – ел мақтанышы» атты танымдық рухани дәріс өткізді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Жиынға оқу орныңың басшылық құрамы мен үстаздары, университет ардагерлері, студенттер мен Сатпаев өміріне қызығушық танытаттын азаматтар қатысты.

Кездесу кешін аталған оқу орнындағы Ақсақалдар алқасының төрағасы, Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, профессор Ұлықпан Сыдықов  модераторлық етіп жүргізіп отырды.

Лекция барысында сенатор биыл 125 жылдығы аталып өтіп жатқан ғұлама ғалым Қаныш Сатбаев туралы тұщымды да толымды деректерді ортаға салды. Сонымен қатар мерейтой аясында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды. Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылуы тиіс біршама маңызды шаралар туралы да ойын ортаға салды.

Кездесуге келген қауым алаштың біртуар ұлы туралы тың деректер мен мәліметтерге қанығып қайтты. Дәріс соңынан құрметті қонақ Алтынбек Нұхұлына оқу орнының ректоры Мейрам Бегентаев Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті ғылыми кеңесінің шешімімен қабылданған  «Сәтбаев университетінің құрметті профессоры»  атағын салтанатты түрде табыстады. Сонмен қатар сенатордың кеудесіне «Сатпаев медальін» тақты.

Өз кезегінде Алтынбек Нұхұлы осындай кездесу ұйымдастырған университет басшылығы мен ұжымына өз атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар оқу орнының ректор-Басқарма төрағасы М. Бегентаевқа жақында Астанада қойылған  Қаныш Сатпаев ескерткішінің мүсіні бейнеленген естелік статуеткасын табыстады.