Имамдарға әлеуметтік желілерде уағыз айтуға тыйым салынды

27 мамырда Өзбекстандағы барлық мешіттердің имамдары әлеуметтік желілерге кірмеу және ондағы кез-келген жазбаларға «лайк» қалдырмау туралы ескерту алды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шектеуді Өзбекстан мұсылмандары басқармасы енгізіп отыр.

Мамыр айының соңында Өзбекстандағы барлық мешіттердің имамдары Ташкент бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтан аудио хабарлама алған.

Онда «тағы бір тапсырма әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салуға қатысты», «сонымен қатар оны оқығаннан кейін әлеуметтік желілердегі кез-келген постқа лайк қоюға тыйым салынады» делінген.

Бұл ақпарат Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасында расталды.

Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитетінің деректері бойынша 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 16 конфессияның 2285 діни ұйымы жұмыс істейді.

Олардың 2098-і исламдық ұйымдар, ал 188-і басқа діни ағымдарға жатады.

Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес дін мемлекеттен бөлінген. Діни ұйымдар мен конфессиялардың қызметі Өзбекстан Республикасының «Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы» заңымен реттеледі.

 

Фото: Ummet.kz