Шымкенттен Ресейге шыққан автобус аударылып екі адам қаза тапты

Шымкент-Нижний Новгород бағытында болған жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы 15 жолаушы жарақат алды, деп хабарлады Jurtmedia.kz  КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап. 

Автобус Шымкент-Нижний Новгород бағыты бойынша кетіп бара жатқан. Оқиға кезінде көлікте 66 жолаушы болған. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 15 жолаушы ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.

Оқиға «Орал-Муханово» тас жолының 26-шақырымында болған. Апаттың алдын-ала белігілі болған себебінше Scania автобусының жүргізушісі жылдамдық ережесін сақтамаған. Жоғары жылдамыдықпен келген автобус бұрылыста жолдан шығып кетіп аударылып қалған.